Түркістанда пневмониядан 5 дәрігер қайтыс болды. Түркістан облысында пандемия кезінде індеттен көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Ө. Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Жиын барысында белгілі болғаны, жалпы облыс бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған, оның 24-сі емделіп шыққан. Ал пневмония дертінен өкінішке қарай, 5 дәрігер көз жұмды. Осы тұрғыда жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі. «Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз», – деді облыс Өмірзақ Шөкеев.
[caption id="attachment_56906" align="alignnone" width="1280"]