Алмас Атаханов, жас кәсіпкер: Эстетикалық тауар сапасымен құнды
Алмас Атаханов, жас кәсіпкер: Эстетикалық тауар сапасымен құнды
175
оқылды

Жас кәсіпкер Алмас Атаханов 1992 жылы Тараз қаласында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін және Хьюстон қоғамдық колледжін бітірген. Халықаралық бизнес университетінен білім алған. Елордадағы «Мир багета» багет шеберханасының иесі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін, бірақ өзіндік қыры мен сыры көп бұл істің адамдарға қуаныш сыйлайтыны өз алдына, оның үстіне бұл бизнес біздің эстетикалық талғамымызды тәрбиелейтіні де рас. Биылғы Жастар жылы біз Алмаспен сұхбаттасуды жөн көрдік.

– Багет шеберханасын ашу идея­сы қалай келді?

– Еңбек жолымды 17 жасымнан АҚШ-та бастадым. Жалақым пә­терімді төлеуге, тамағыма, жүріп-тұ­руыма, тіпті ата-анама ептеп кө­мектесуіме де жететін. Бірақ ел­ге қайтып оралуға бүйрегім бұр­ды да тұрды. Ақыры осында орал­дым.

Шет елден кенеп алып келген едім. Оған кескіндеме салып, багет ки­гізіп, керемет өнер туын­ды­сын­дай етіп, ата-анама сыйлағым кел­ді. Үйіміздің төрінде тұрса қандай жақ­сы болар еді деп ойладым. Алай­да, қас қылғандай бүкіл қала­дан дұрыс багет шеберханасын тап­падым. «Бұл қалай?» деп тіпті таң­ғалдым. Осылайша «маған биз­нес­пен айналысу керек» деген ой пайда болды.

Бизнесте ең бастысы – идея. Ме­нің идеямды қолдаушылар та­была кеткеніне қатты қуандым. Өйт­кені, инвесторсыз істі қар­қын­ды бастап кету өте қиын. Осылайша тәуе­кел деп іске кірістім. Әрине, бас­тапқы кезде қиын болды. Ма­ман­дар тапшы еді. Оларды оқытуға ту­ра келді.

– Жалпы багет туралы түсінік бе­ре кетсеңіз...

– Иә, багет туралы дұрыс сұра­дыңыз. Бұл қазақта кең тараған кә­сіп түрі болмағандықтан бас­тап­қы­да көп адамдар біле де бер­мей­тін. Багет (француздың baguette деген сөзінен шыққан) тура ма­ғы­на­сында таяқ деген ұғымды біл­діре­ді. Бірде қызық оқиға болды. Біз­дің шеберханаға келген бір ке­лін­шек «немене, сіздер нан сат­пай­сыздар ма?» дегені бар. Ол кісі ұзын­ша таяққа ұқсас формадағы нан­ның атауы «багет» туралы ай­тып тұр. Иә, нағыз багеттің не еке­нін де білмейтін адамдар көп. Ба­гет о басында негізінен бейнелеу өне­рінің туындыларын көр­кем­деу­ге пайдаланылған. Уақыт өте ке­ле адамдар бұған қоса көптеген зат­тарды да багетпен әрлендіруді әдет­ке айналдыра бастады.

– Нарықта қанша жыл жұмыс іс­теп келесіздер? Негізгі тұтыну­шы­ла­рыңыз кімдер? Қажетті тауарды қайдан аласыздар?

– Нарыққа шыққанымызға он­­шақты жыл болып қалды. Ас­та­на, Алматы және өңірлердегі су­рет­шілермен жұмыс істейміз. Біз­дің тұтынушыларымыз суретшілер ғана емес, музейлер мен мемле­кет­тік органдардың да, сонымен қатар же­ке тұлғалардың да тапсырысын орын­даймыз.

Қазір астанамызда құрылыс қар­қынды жүріп жатқанын жақсы бі­лесіздер. Салынып жатқан әрбір ны­санда, әрбір тұрғын үйде біздің тұ­тынушыларымыз бар. Олар жаңа қо­нысқа кірген кезде үй интерьерін көр­кемдеуде біздің қызметімізге жү­гінеді. Сондықтан да әрбір үйде біз­дің қолтаңбамыз барын мақта­ныш­пен айта аламыз. Өйткені, біз өз қызметіміздің сапасына ерекше назар аударамыз. Өндірушілермен тікелей байланыста жұмыс істей­міз. Тауарларымызды негізінен Түр­кия, Қытай, Оңтүстік Корея жә­не Ресей мемлекеттерінен тіке­лей тапсырыспен алдырамыз.


– Қандай қызмет түрлерін көр­се­те­сіздер? Тапсырыс берушілер жыл­дың қай мезгілінде белсенді?

– «Мир багеттің» менеджерлері мен шеберлері кез келген өнер туын­дысын жоғары деңгейде көр­кем­деп береді. Сапасы да жоғары. Өйт­кені, біздегі жұмыстар арнайы станок-қондырғылар көмегімен атқарылады.

Шеберхана сонымен қатар тап­сырыс берушінің қалаған өл­шемі бойынша айна, айнаға багет дайындап, жеткізіп беру және іліп беру қызметтерін де көрсетеді.

Біз жылдың төрт мезгілінде де бос отырмаймыз. Тапсырыс беру­ші­лер толассыз келіп жатады. Мы­са­лы, қазір жаз айларында, дема­лыс маусымында алыс-жақын шет елдерде демалып келгендер табиғат аясындағы естелік суреттерін, ан­тиквар бұйымдарын, теңіз маржан тастарын алып келеді. Осы бұйым­дар­ды багеттеу жұмыстарында то­лас жоқ. Сондай-ақ жаз ай­ла­рын­да той-томалақ та көп. Өз сый­лықтарын көркемдеуге келе­тін­­­дер де бар. Қазіргі кезде пәтер жөн­­деу жұмыстарымен айналысып жат­қандар да аз емес. Сондықтан да картиналар мен репро­дук­ция­лардың сатылымы шарықтайтын шағы дәл осы кез.

Суретшілердің және жас сурет­ші­лердің пленэрлік демалыс уа­қыты да жаз айларына дәл келеді. Осы кезде подрамник (ағашқа тар­тылған кенеп) көптеп сұра­ныс­қа ие. Бұған балалардың әртүрлі шығармашылық орталықтарын қосыңыз. Қазір қалада балалар ор­талығы көптеп саналады. Олар­дың бәріне де сурет салуға дайын құрал-жабдықтар керек. Біз олар­дың да сұранысын қанағат­тан­ды­рып келеміз.

Біздің шеберханада бейнелеу өне­рінің туындыларын багеттеуден басқа да қызметтер көрсетіледі: ірі көлемді заттар (футбол жейделері, боксшы қолғабы, теннис ракет­ка­сы), медаль және ордендер, соны­мен қатар сыйға алған немесе бе­ре­тін құнды нәрселерді де әкеліп, пос­тер (рамкада әйнекке салын­ған) жасатады. Сондай-ақ гобелен, папирус, диплом, графикалармен де жұмыс істейміз. Олардың стилі мен техникасы да әртүрлі. Біз әр жұ­мысқа кәсіби тұрғыда қа­рап, оның қайталанбас дүниеге ай­налуына ерекше мән береміз.

– Бизнесті дамытудың басқа қан­дай жолдарын қолданасыздар? Жұмыстарыңыздың сапасы туралы айта кетсеңіз.

– Инстаграм парақшамыз (@mirbageta) бар. Бірақ онда бар­лық жұмыстарды орналастыра бер­мейміз. Себебі, кейбір клиент­тер жасалған жұмыстарын қайтала­мау­ды қалайды.

Сапа мәселесіне келсек, шы­нын­­да да эстетикалық тауар са­палы болуымен құнды екенін біз жақ­сы түсінеміз. Сондықтан өзіміз жа­саған жұмыстарымызға міндетті түрде кепілдік береміз. Жұмыс­тары­мыз тек оң баға алып, қайта қай­­­­тарылған емес.


Сұхбаттасқан 
Набат БАКИРОВА