Түркістан облысында пневмония дертін жұқтырғандар саны 5 421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2 933-ке жетті. Облыста ТЖ режимі кезінде той тойлаған 1 039 жағдай анықталып, оның 320-сіне айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған.
Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өткен олнайн-брифингте мәлім болды. Облыста коронавирус инфекциясымен тіркелген адамдар саны – 2079. 1 911 адам (9 балалар) – стационарлық бақылауда (оның ішінде инфекциялық стационарда – 196 адам (2 балалар), провизорлық стационарда – 1 715 адам). 2020 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша, короновирус инфекциясымен 28 жағдай тіркеліп, бір күндік өсім 1,4 пайыз болды. Бұл аурудан жалпы сауығып шыққандар саны – 795. Ал ЖРВИ-мен 7 749 адам тіркелсе, оның ішінде 387 адам (5%) ауруханаға жатқызылған, 336 науқас (87%) емделіп шыққан.
[caption id="attachment_56933" align="alignnone" > Фото: автордан[/caption]
Облыста төтенше жағдай режимін бұзғандардың әрекеті әлде де тоқтамай тұр. Айталық, облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған (той, отбасылық мерекелер өткізу және т.б.) 1 039 жағдай анықталып, оның 320-не айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған. Дегенмен барлық аудандарда карантиндік режимнің сақталуы мен сақтық шараларын түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.