Қарашығанақтағы жұмыс қарқыны
Қарашығанақтағы жұмыс қарқыны
176
оқылды
Коронавирус эпидемиясының өршу кезеңі әлем нарығында мұнай бағасының құлдырауы мен дағдарысымен тұспа-тұс келді. Мұнайға деген сұраныс елдердің өзін-өзі оқшаулау режимінен шы­ғуына қарай ақырындап қал­пына келуде, алайда дағдарыстың алғашқы айында мұнай сақтау қоймаларында жиналып қалған мұнай көлемінің молдығынан біршама уақыт бағаның өсе қоймайтыны да белгілі. ҚПО Бас директоры Эдвин Блом: «ҚПО 2020 жылға бекі­тілген Жұмыс бағдарламасы мен бюд­жетке сәйкес сұйық көмірсутек пен газ өндіру бойынша өз мін­деттемелерін орындайды. ҚПО коронавирустан туындаған тәуе­келдерді ескеріп, мұнай баға­сының бірқатар ықтимал сце­нариінен шыға отырып тиімділікті қамту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды» деп атап өтті. «Біз сондай-ақ аталып өткен дағдарыстың ықпалы болған бизнес-процестерді реттейтін жаңа цифрлық технологиялар мен алаңдарды енгізу үшін осы мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Сонымен бірге, ҚПО осы дағдарыстан бұдан да күшті компания боп шығатынына және болашақта орын алатын сын-тегеуріндерге жақсы дайын­дықпен келетініне сенімдімін,» – деді Эдвин Блом. Қазақстандық қызметкер­лердің кәсіби өсуі мен біліктілігін арттыру компания үшін өзекті мәселенің бірі болып қала бе­реді. ҚПО бірнеше жыл бұрын келешегінен үміт күттіретін қыз­меткерлерді анықтау және олар­дың әлеуетіне және карьера­сының жоғарылауына барынша жол ашатын болашақтағы дамуы мақсатында жылдам дамыту бағ­дарламасын іске асыра бастады. Бағдарлама кәсіби дамудың тиімді жоспарын дайындауда қатысушыларға қолдау көрсетуге және карьералық мақсатын анықтауға мүмкіндік берді. Бағдарлама нәтижесі бойынша қатысу­шылардың 50%-дан астамы олардың кәсіби және карьералық өсу жоспарына сәйкес жоғарылады. ҚПО экология мәселесін әсте назарынан тыс қалдырмады. Іс-шаралардың қысқамерзімдісі де, ұзақмерзімдісі де табиғатты пайдаланудың айрықша шарт­тарын сақтай отырып, бекітіліген жоспарға сай атқарылуда, ком­пания мамандары ұзақ уақыттан бері қабылданады деп жүрген жаңа Экологиялық кодексінің жобасын талқылауға белсенді қатысуда. ҚПО карантинге қарамастан, атмосфера шығарындыларын, ағын су қалдықтарын, қалдықтар­ды сақтау және өңдеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны, жер беті және жер асты сулары мен то­пырақтар мониторингін қоса алғанда толық көлемдегі мониторингті ары қарай да іске асыратын болады. Атмосфералық ауа сапа­сының мәселесі, Қара­шы­ғанақ кен ор­нына таяу ор­наласқан санитар­лық-қорғау аумақтары мен елді мекендер жіті назарда. Атмос­фералық ауа аккредиттелген зертханаларды тарту және нақты уақыт ре­жи­мінде тәулік бойы эколо­гиялық мониторинг ста­цио­нарлық станция арқылы күн сайын сынамалар мен талдау алумен өлшеніп жүр. Бұған қоса, энергия ре­сурста­рын тиімді пайдалану дәре­жесі мен одан әрі тиімдірек пай­далану мүмкіндіктерін із­дес­тіруді анықтау үшін жаңа энерге­тикалық аудит толық іске асырылуда. Келесі кезең тағы бір ауқымды жобаны, яғни энергия ресурстарын пайдалану және пар­ник газдарын кәдеге жарату бойынша ұзақмерзімді жоспар жүргізу болып отыр. Жақында ғана компания қа­зақстандық қызметшілердің, сон­дай-ақ экология мәселесіндегі мердігер ұйым қызметкерлерінің хабарын арттыру үшін экология бойынша семинар өткізді. Семинарда ресурстарды тұ­тыну­дың артуы, пластик қалдық­тардың көбеюі және т.б. бүкіл­әлемдік экологиялық мәселелер талқыланды. Қоршаған ортаға ықпалын азайтуға өз үлесін қосу үшін әркім күнделікті өмірде қолдана алатын бірқатар пайдалы кеңестер мен нұсқамалар берілді. Карантин режимінің әлі де жал­ғасуына орай, жұмыс онлайн режимде істелуде және таяу арада экология мен энергия үнемдеу тақырыбына бейнесабақтар әзірленетін болады. Қазіргі дағдарыс әлемдік бизнес-қауымдастығының жұ­мысқа деген тәсілдерін өзгертуге мәжбүрлеген жаңа жаһандық трендтерді туғызды және ҚПО да бұдан тыс қалмады. Мұнай бағасының құлдырауынан кейін жалғасқан әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты сын-тегеуріндерді еңсеру үшін ҚПО өзінің басым бағыттары мен бизнес-процестерін қайта қарауға мәжбүр болып отыр. Бұл бюджет пен жоспарлауды әзірлеу, жеткізілімдерді ұйымдастыру, инфрақұрылым мен қызмет көр­сету, басқаларды айтпағанда, компания қызметкерлері мен мердігерлердің өзара қатынасын қоса алғанда көптеген салаларға да ықпал етуі мүмкін. Қазіргі және алдағы тәуе­кел­дер өзара іс-қимылдың жаңа түр­лерінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар ҚПО ҚР бақылаушы орган­да­рымен, облыстық атқару­шы ор­гандарымен, сала серіктес­терімен және мемлекеттік мүд­делерді, бизнестің негізгі мақса­ты мен корпоративтік құн­ды­лықтарды біріктіретін басқа да мүд­делі тараптармен тығыз ынты­мақ­тастықты жалғас­тыра­тын болады. ҚПО ұжымы алға бұрынғыдан да нық сеніммен қарайды және аса ірі Қарашығанақ кен орнын Қазақстан Республикасымен тығыз ынтымақтастықта игеру жоспарларын орындауға да­йын. Бұл ынтымақтастық уақыт сы­нағынан өткен, соның арқа­сында пандемия туғызған қиын­шылықты жеңіп, жарқын бола­шаққа аяқ басатын болады.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ