Сұйықтық шашқан ұшақ
Сұйықтық шашқан ұшақ
«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазба Маңғыстауда, жалпы Қазақстанда түсірілмеген. Еліміздің Қорғаныс министр­лігіне хабарласып, сұрадық. Ведомство өкілдері қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың министр­лікке тиісті емес екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл ұшақ Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Әдетте Америкада өртті сөндіру үшін суға қызыл түсті бояу қосылады. Бұл су шашылған аумақты алыстан көру үшін жа­салады екен», – дейді Маңғыстау облысы әкімдігі. Әкімдік жалған ақпарат тарат­қандар Қыл­мыстық кодек­стің 274-бабына сәйкес жауап­­­кер­ші­лік­ке тартылатынын айтып отыр.  

Ж.НҰРЛАН