Есірткі сатқан бойжеткен ұсталды
Есірткі сатқан бойжеткен ұсталды
160
оқылды
Есіркі қылмысына қатысы бар деген күдікке Петропавл қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен ілікті. Әсері күшті әрі аса қауіпті есірткілердің бірі Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет анықталып отыр. – Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел іс-шаралар, оның ішінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Пәтерде есірткіге ұқсас зат салынған түйіншек табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама заттың мефедрон екенін растады, – деді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев. Сондай-ақ полицейлер буып-түйетін материалдар, ноутбук, таразы және басқа да есірткіні растайтын заттарды тапқан. Сотқа дейінгі тергеу материалдарынан күдіктінің бірнеше ай бойы ин­тер­нет-дүкен арқылы есірткі сатып алып, аса қауіпті затты жа­сы­рып, бай­ланыссыз тәсіл арқылы саудалағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүргізіліп, сот сарап­тамасы та­ғайындалды.  

 М.ТӨЛЕУ