Әлеуметтік нысандар құрылысын бақылады
Әлеуметтік нысандар құрылысын бақылады
174
оқылды

Nur Otan партиясы атынан Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттары Гүлсара Жаманқұлова мен Серік Мұтлапов «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Забеловка ауылындағы сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын бақылап қайтты.

– Қостанай облысы бойынша ауылдағы ағайынды таза ауызсу мен сапалы тіршілік көзімен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда. Жыл соңына дейін өңірдегі 11 ауылдағы нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. 6 ауылда ауызсу алғашқы рет беріледі. Барлық құрылыс жұмысы партиялықтардың бақылауында болады, – дейді мәслихат депутаты Гүлсара Жаманқұлова.

Забеловка ауылындағы сумен қамтамасыз ету құрылыс жобасы – халық қалаулылары мен атқарушы биліктің назарында. Бұған дейін депутаттар жобаның іске асу барысын бағам­даған еді. Телім шеберінің сөзінше, атал­ған нысанды уақытынан тапсыру жос­парланып жатыр.

– Бүгінгі күні барлық жоспарланған жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Магистральді желі 100 пайыз тартылды. 120 дан астам үйге су құбыры үйлеріне өткізілді, – дейді телім шебері Қапез Жақыпов.

Арнайы мониторингтік топ ереже бұзу­шылықтар мен олқылықтар таппады. Дегенмен аталған нысан толық тапсырылғанша, комиссияның бақылауында болмақ.