Дүкендер мен дәріханадағы тексеру
Дүкендер мен дәріханадағы тексеру
292
оқылды
Топ мүшелері аталған орын­дар­­дағы санитарлық-дезин­фек­ция­лық жағдайды, бетперделік ре­жим мен кезекте тұрған қызмет алу­шылардың арасындағы қауіп­сіз арақашықтықты сақтау тәр­ті­бін ба­қылады. Кейбір кәсіп­кер­лік ны­сандарда ан­тисанитарлық та­лап­тардың орындал­мағаны анық­талды. Мониторинг бары­сында бірқатар орталық басшыларына сын-ескертпелер, ұсыныстар жа­са­­лын­ды. Дәріхана меңгеру­ші­лері­не сани­тар­лық талаптарды қа­таң сақтау, дәрі-дәр­мек бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру тура­лы нұсқаулық берілді. Дәріханалардағы кейбір дәрі-дәр­­мек­тердің әлі де тапшылығы бай­қалды. Дәріхана  меңгеру­ші­лері  тұрғындарға өз тараптарынан саты­лымда жоқ дәрілердің ор­ны­на балама нұсқаларын ұсынып жат­қанын жеткізді. Осы орайда, арнайы топ мүшелерімен Тауар­лар мен көрсе­ті­ле­тін қызметтердің сапасы мен қауіп­сіз­дігін бақылау департаментіне хаттама әзір­леніп жолданбақ. Айта кетейік, партия филиалы тара­пынан мұндай мониторинг жұмыстары жал­ғасын табады.  

А.ЖАСАНҰЛЫ