МӘМС қорының басшылығына іскер адамды қою керек – Президент

МӘМС қорының басшылығына іскер адамды қою керек – Президент
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығына лайықты адамды қою мәселесіне қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі кезде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының айналасында әртүрлі әңгіме өршіп кетті. Меніңше оның басшылығына іскерірек әрі жауаптырақ адамды қою керек. Ол қордың айналасында ешқандай сыбыс пен әңгіме шықпауы тиіс. Айналып келіп осындай әңгіменің шығуына өзіміз себепкер болып отырмыз. Үкімет тарапынан қордың жұмысына талдау жүргізіліп, ол қаншалықты тиімді әрі сәтті деген сұрақ зерттелуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.