45 жылдан кейінгі кездесу жан тебірентіп, жүрек толқытты
45 жылдан кейінгі кездесу жан тебірентіп, жүрек толқытты
486
оқылды

Кім болсаң да анда-санда алыста сағымдай бұлдырап қалған балалық шағыңды аңсайтының анық, кейде тай-құлындай тебісіп ойнап өткен достарыңды қатты сағынасың, білім бұлағына бас қойғызған мектептегі сыныптастарыңды елжірей еске алып, таңды таңға ұрып сырласуды, жақсылықпен жолығысуды армандайсың. Иә, араға сандаған жылдар салып, бірге оқу іздеген олармен кездесе қалсаң, ерекше сезімге бөленесің, мұндай сәттерде, шынымен де бақытты күй кешесің. Бұл да, тегінде, адамға тән қасиет болса керек.

Өткен ғасырдағы 1974 жылы Ке­ген ауданы Ұзынбұлақ ауылын­дағы Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектепті бітірген түлектердің басқосуы болды. Ешкімге де жа­лы­нан ұстатпайтын уақытта ешбір тоқтау жоқ қой. Содан бері де зымырап 45 жыл өткен екен. Сол кез­дегі түбіт мұртты бозбалалар мен ақ бантикті кішкентай қыз­дар­дың жасы бүгінде алпыстың ар жақ, бер жағына жеткен. Ұлдар бол­са, бір-бір үйдің бас-иесі ата­нып, ал қыздар өздері отын жақ­қан бір отбасының түтінін түзу ұшырып отыр.

Олар асқақ Алатау бау­райын­да, Қарасай ауданы аумағындағы Aul Resort атты жақсы демалыс орнында тамаша кездесу өткізді. Ал­дымен дүниеден өткен сынып­тастарының рухына арнап құран оқытты. Өйткені мектепті сол уа­­қытта төрт оныншы сыныпқа топ­тастырылған 120 бала бітірсе, бү­гінде олардың 28-і дүние са­лып­ты, бұл да өмірдің өзгермес заңы демеске амалың жоқ. Ал мы­на басқосуға 78-і қатысып отыр екен. Айтқандай, сонда олар­дың қатарынан алтауы орта мек­тепті медальмен аяқтапты!

Сонымен, қазіргі кезде жүріс-тұ­рысы байсалды, сөз саптастары сал­мақты, әрбір ісі байырқалы көрі­нетін көптен көріспеген дос­тар осы кездесуде тұп-тура жас ба­лалардай, шат-шадымен күйде әбден мәз-мейрам болысты. Бая­ғыдағы бал күндеріндегідей ай­қайласты, шуласты. Бір-бірінің қызық қылықтарын айтып, күл­кіден ішек-сілелері қатты. Жас­тық шақ әндерін толғана, толқи айт­ты, өртеніп өлең оқығандары да бол­ды. Белгілі «Қоңыр» то­бының ән­шілері әдемі ән салып, ағалары мен әпкелерінің ақ ал­ғысын алды. Бірақ осының бә­рінен де жүрек­терін­дегі сағыныш сезімінің орны алабөтен айрықша еді.

Бүгінде еліміздің батысындағы Орал қаласында тұратын, 1980 жы­­лы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет фа­культетін бітірген, үш бала өсіріп, сегіз немере сүйіп отырған Зина­гүл Қапаеваның мына көптен күт­кен кездесуге келуі, тіпті, қы­зық әңгіме...

– Оралда ұшаққа кешігіп қал­дым, – дейді ол. – Содан 500 ша­қы­рым­дағы Атырау қаласына так­симен жетіп, сол жерде басқа ұшақ­қа отырдым. Сөйтіп, бір күн, бір түн ұйықтамай жол жүріп, әй­теуір, үлгердім ғой! Достарымды көр­генде барлық шаршағаным бір­ден басылды. Тіпті, өзімше жас қыз­дай жайнап кеттім, жүгіріп кет­тім десем де болады. Бұл ненің кү­ші? Әрине, сағыныштың күші! Бі­рақ кейбір сыныптастарымды та­нымай да қалып құдай ұрды ғой...

Ал ерлі-зайыпты Қанат Ахман мен Әлия Жұматаева мына тұрған алып шаһар Алматыдан екен. Әке­сі кезінде Ы.Көшкінов атын­дағы мектепте директор болған Қа­некең Алатау ауданындағы №152 мектеп-гимназияда тарих­шы болса, жолдасы математикадан са­бақ берген. Екеуі 1978 жылы отау тіккен, бүгінде өскен-өнген үл­кен әулет. Төрт ұлынан тоғыз не­мере көріп отырған жайы бар. Ба­лалары Самат пен Абзал – кә­сіп­кер, Дархан полковник, тө­тенше жағ­дайлар комитетінде істейді. «Бо­лашақ» бағдарла­ма­сымен Анг­лияда магистратурада оқыған Нұрым қазір келіншегімен екеуі Біріккен Араб Әмірліктері елінің ас­танасы Әбу-Дабиде док­то­ран­турада оқитын көрінеді. Осы кездесуге сағынып жеткен Қа­нат қажының отбасы, міне, осын­дай.

Қазіргі кезде құрметті дема­лыс­тағы полиция полковнигі Ер­жан Жолаев та – бірқатар өмір бе­лесінен белі бүгілмей өткен жан. Кезінде Нарынқол, Кеген, Ұй­ғыр аудандық ішкі істер бөлі­мін басқарыпты. Өзі Райымбек ауданының Құрметті азаматы.

– Бүгін сыныптас балалар мен қыз­­­дарды көріп, қатты қуан­дым. Бәрін әбден сағы­нып қа­лып­пын, – дейді ол.

Бөкен Дәуталиев зайыбы Наз­гүл екеуі алты баланың әке-ше­ше­сі, сегіз немеренің ата-әжесі. Он бес жыл мектеп басқарған, қа­зір Іле ауданындағы М.Ма­қа­таев атындағы мектептің мұғалімі. Бөкеңнің өлең жазатын өнері де бар екен, осы жолы сыныптаста­ры­на арнаған жырын оқып, жан дүниесін билеген сағынышын тебірене жеткізді.

Сонымен, қазіргі кезде жүріс-тұ­рысы байсалды, сөз саптастары сал­мақты, әрбір ісі байырқалы көрі­нетін көптен көріспеген дос­тар осы кездесуде тұп-тура жас ба­лалардай, шат-шадымен күйде әбден мәз-мейрам болысты. Бая­ғыдағы бал күндерін­дегідей ай­қайласты, шуласты. Бір-бірінің қызық қылықтарын айтып, күл­кіден ішек-сілелері қатты. 

974 жылғы түлектердің бірі Есен­­жол Намазбаев «Қазсел­ден­қор­ғау» мекемесінің Қарасай, Тал­ғар, Жамбыл аудандық бөлім­ше­сіне жемісті жетекшілік етіпті. Ал Жарылқасын Көшкінов (Ыды­рыс Көшкіновтің туған інісі Әуес­тің баласы) еңбекке етене жақын шо­фер-механизатор болса, Марат Құр­мантаев «Ұзынбұлақ» кеңша­рын­да уақытында білдей бөлімше бас­қарушысы болған.

Жиналғандар шаруасы шал­қы­ған фермер сыныптастары әкел­ген бал татыған қымыз ішіп көңілдерін көтерді.

Былайша айтқанда, барлығы жер ортасы жасына жетіп қалған, өнегелі ұрпақтың ұйытқысы болып отырған, отбасыларын ор­нықты ету үшін жұмыла жұмыс іс­теулерімен қатар, өздерінің еге­мен еліне де еңбектерін аямай ар­наған азаматтар болып қа­лып­тасқан. Жастарға айтар ақылдары да аз емес, басқаларға берер ке­рек­­ті кеңестері де, тәлімге толы тәр­биелері де жетіп артылады.

Иә, сыныптастардың кей­бі­реуі үшін 45 жылға созылған са­ғы­ныштан соң осындай керемет кез­десуді ұйымдастыру оңайға соқ­пайтыны белгілі. Өйткені бұл мек­тептің өрендерінің бірқатары өмір ағысымен өзге өңірлерде өрі­сін кеңейтіп жүргені де мәлім. Ар­найы жоспар-жоба жасау, ұйым­дастыру комиссиясын құру, бә­рімен хабарласу, кеңесу, кездесу өте­тін жерді белгілеу, жатын орын дайындау сияқты шаруалар бас­тан асады. Осының бәрін негі­зі­нен Гүлжан Рыскелдіқызы мойы­май мойнына алыпты. Соның арқасында бәріміздің басымыз қосылып, думанды кеште бір жасап қалдық.

Гүлжан досымыз 1981 жылы медицина инс­титутын бітірген балалар дәрігері. Бұрынғы Шелек аудандық ауру­ханасы балалар бөлімшесін көп жыл басқарған. Денсаулық сақтау ісі­нің үздігі, Еңбекшіқазақ ауда­ны­ның Құрметті азаматы. Аудан­дық мәслихаттың депутаты да бол­ған.

...Кездесуде ол сыныптас­та­рын жас баладай жүгіртіп, әр­түрлі ойынға қатыстырып, би алаңына шығарып, кештің көңілді өтуіне атсалысты. Біз Гүлжанның іс­керлігіне, еңбекқорлығына тәнті бол­дық. Қай жер­де де, қандай жағ­дайда да бәрі­мізге осындай бір көпшіл көш­басшы, барлы­ғын дерлік біле­тін басқарушы керек-ақ.

Сонымен қатар аталған сағы­ныш сезімі жүректі айырықша шымырлатқан жүздесудің жуан ортасынан табылып, қол ұшын берген жан елге сыйлы азаматтың бірі, Қарасай ауданы Райымбек ауы­лының тұрғыны Тұрсынбек қа­жыны да атап өткен абзал. Сыныптастардың ұзақ жылдан кейінгі кездесуі есте қаларлықтай болды. Арамызда 45 жыл өтсе де, бәрі сол кездегі ақкөңіл, қара­пайым қалпын сақтап қалыпты. Әсерлі кештен соң бәріміз бай­ланыста болып, қуанышты сәт­терде қауышып тұруға уәделесіп тарқастық.

 

Берікбай ҚАДЫҚОВ,
Алматы облысы