Барлық бала бақытқа лайық
Барлық бала бақытқа лайық
154
оқылды
Бүгінде Динара Закиева бас­шылық ететін кеңестің құра­мында 30 адам бар. Кеңес құ­рылған күннен бастап жалпы саны 3 отырыс өткізілді. Олар­дың әрқайсысында атқа­рылған жұмыстар туралы есеп беріліп, жұмыс бағыттары талқы­лан­ды және балалар мен отба­сы­лар­дың құқығын қорғаудың қол­да­ныстағы тетіктерін жетіл­діру бойынша ұсыныстар жинақ­тал­ды. Ал жол картасына барлық облыс пен қала әкімдері қол қойып, олардың әрқайсысында аймақтың ерекшеліктеріне бай­ланысты индикаторлар көр­сетіліп, тапсырмалардың орын­далуы толықтай бақыланады. Әр облыста отбасылармен және балалармен жұмысты жақ­сарту бойынша бірінші кезек­тегі және басым міндеттер жос­парын ұсынғаннан кейін, министр­ліктермен бірге орталық деңгейде бірқатар кешенді шешімдер қабылданып жатыр. Жұмыс тобы тамыздан қара­шаға дейінгі аралықта 220 елді мекендегі 1 350-ден астам ме­кемені аралады. Соның негізінде әрбір аймақта әкімдіктермен бірге бағдарламалар дайындалды. Сонымен қатар бағдарламада жоспарланбаған барлық аудандар мен ауылдарға да тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында 311 мектеп пен интернаттың 20%-ының проблемалары бар екені анықтады. 2 айдың ішінде, аймақтардың жедел жұмысының арқасында мекемелердің 70%-ының мәселесі шешімін тапты. Бүгінгі таңда Алматы облы­сының өзінде ғана мектеп-ин­тернаттардағы жағдайды жақсарту үшін материалдық-техни­калық базаны жаңартуға, жатақханаларды жөндеуге, ішкі дәретханаларды орнатуға, бейнебақылау орнатуға, асха­наларды жөндеуге және тиісті жиһаз сатып алуға шамамен 100 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ Жамбыл және Ақтөбе облыстарында «Бақытты отбасы» орталықтары ашылды. Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында осы тектес орта­лықтарды ашу жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында көпбалалы аналарға тігін ісі мен бизнес негіздері оқытылып, қатысушыларға тігін машиналары берілді, аналарға үйде жұмыс істеуге, өз ісін ашуға мүмкіндік берілді. Түркістан облысында «Қам­қорлық» жобасы аясында партия мүшелерінің арасынан кураторлар – аудан, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерге үнемі отбасыларға материалдық көмек көрсетуге, сондай-ақ ба­ла­ларды емдеуге, тәрбиелеуге, жұмысқа орналасуға көмектесуге міндеттелген 900 отбасыға та­ғайын­далды. Жалпы, облыста жо­баны жүзеге асыру үшін от­ба­сыларға көмек ретінде 1 мил­лиард теңге бөлінді. Ал Қостанай облысында балаларға психологиялық қол­дауды ұйымдастырудың бірегей фронт-офисі ашылды. Онда балалар мен ата-аналар кез кел­ген уақытта мамандардан тегін көмек ала алады. Ақтауда, Таразда көпбалалы аналарға ар­налған арнайы орталық ашылды. Сондай-ақ әр аймақта бір уақыт­та балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-ша­ралар жүргізілуде. Атап айтқанда «Jas Оtan» Жастар қанатымен бірлесіп, барлық аймақтарда «Қауіп­сіз қала» акциясы ұйым­дастырылды. Оның аясында ТЖД еріктілермен бірге 17 облыста 7 күн ішінде 3 568 кәріз құдығы тексерілді. Енді аталған акция әр тоқсан сайын өткізіліп тұрады әрі барлық мәлімет әкім­діктерге жіберілетін болады. Қорыта айтқанда, Отбасы, әйелдер және балалардың құ­қығын қорғау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдар мен үкі­меттік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіріп, әр отбасының, әр баланың құқығын іске асыру­ды қамтамасыз ететін бірегей алаңға айналды. Мұның бәрі тынымсыз еңбек пен нәтижелі жұмыстың кепілі.  

 width=Абылайхан ЖҰМАШ