Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері көз жұмды
Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері көз жұмды
фото: ашық дереккөз
5,157
оқылды
Қалихан Қозбағаров Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасында пневмониядан көз жұмды, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оның 10 шілдеде түстен кейін өмірден өткені хабарланды. "Сене алар емеспіз. Біз оған бүкіл аурухана болып уайымдадық. Соңғы 2 күнде жағдайы жақсарып қалған соң қатты қуанып едік. Бүгін қымыз сұрады, біз ол сауығып, бәрі жақсы болады деп ойладық, бірақ сағат 16-ға қарай оның өмірі үзілді. Ол керемет дәрігер, басшы, адам еді. Өз ісіне адал болған. Коронавирус жұқтырған науқастар жатқан бөлімшелерге барып, күніне екі рет аралап шығатын, әрқайсына уайымдайтын, бірақ өзін құтқара алмады", - деп еске алды Қалихан Қозбағаровтың әріптестері. Қалихан Қозбағаров қазан айында 60 жасқа толар еді.