Режиссердің есімін көрерменге танытқан – «Аллажар» фильмі. Туынды 1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы туралы баяндайды. Қалдыбай Әбенов бұл фильмді түсіруді 1989 жылы қолға алған екен. Арада бір жыл бойы түсіру жұмыстары тоқтап қалады. Тек 1991 жылы ғана қайта басталып, сол жылы «Аллажар» фильмін түсіріп бітеді. Бірақ фильм біраз уақыт бойы көрерменіне жете қойған жоқ. Кейінгі жылдары ғана интернет арқылы көрерменге таралды. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ берді. 2013 жылы инфаркт пен инсультті қатар алған соң, жүріп-тұруы қиындап, жүрегі де әлсіреген болатын. Соңғы жылдары Қалдыбай Әбеновтің денсаулығы қатты нашарлап, арбаға таңылған еді. "Айқын" газетінің ұжымы Қалдыбай Әбеновтің туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.