Пойыз билетін заңсыз сату тыйылған жоқ
Пойыз билетін заңсыз сату тыйылған жоқ
163
оқылды

Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов теміржол билетін сататын Mobius жүйесінің тиімсіздігін айтты.

– Mobius жүйесі пойыз билетін алыпсатарлардың жолын кесуі тиіс еді. Бірақ қазіргі жағдайда олай болмағанын көріп отырмыз. Билетті алып-сату әлі жалғасуда. Дәлел көп. Тексеру жүргізгенде Шымкент қаласындағы вокзалдардан бір күннің ішінде билетті заңсыз сатып жүрген 6 адамды ұстадық. Олар жауапқа тартылды. Бұл жағдай Алматының вокзалдарында да кездеседі. Осы дәлелдер заңсыз билет сататындардың Mobius жүйесін айналып өтетінін көрсетіп отыр. Проблема шешілгенше, құзырлы органдармен бірлесіп, мәселені бірге шешеміз, – деді Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов.