Заңсыз сауда қызып тұр
Заңсыз сауда қызып тұр
153
оқылды
Атырау қаласының  тұрғыны  үйінде қымбат бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқаны үшін ұсталды. Тексеру барысында ингавирин, дексаметазон виал, азитромицин, дексаметазон,  лидокаин Буфус, метронидозол  табылды.  Бұл дәрілердің барлығы да қымбат бағамен сатылған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде тағы бір деректі анықтады.  Авангард  ықшамауданындағы  үйлердің  бірінің пәтер тұрғыны өз бағасынан  бірнеше есе қымбат бағамен медициналық бетперде сатқан. Тексеру кезінде пәтер ішінен 43 мың медициналық  бетперде  табылған. «Анықталған деректер бойын­ша  тексеру  жүргізіледі», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы