Қазақстанда жасалған 50 өкпені жасанды желдету аппараты ауруханаларға жеткізіледі
Қазақстанда жасалған 50 өкпені жасанды желдету аппараты ауруханаларға жеткізіледі
фото: ашық дереккөз
Елімізде жыл соңына дейін ауруханалар өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етіледі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Аманияз Ержановтың айтуынша, қазіргі уақытта 3 мың дана өкпені жасанды желдету аппараты керек. «Елордалық «Барк Текнолоджи» ЖШС және «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС айына 550 дана құрылғы шығаруы керек. Қажет болған жағдайда Орал және Шымкенттегі зауыттарды іске қосу керек», - дейді Аманияз Ержанов. Қазіргі уақытта Қытай мен Түркиядан сынап көру үшін аппараттар әкелінді. Қазіргі уақытта Қытай мен Түркиядан сынап көру үшін аппараттар әкелінді. «Аппараттың бір бөлігі Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды, екінші бөлігі бүгін тапсырылады. Сынақтан жақсы өтсе кәсіпорындар сондай аппарат шығаруға кіріседі. «Тыныс» АҚ шілде соңына дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 өкпені жасанды желдету аппаратын береді. Бұл кәсіпорында айына 500 аппарат шығаратын қауқар бар. Қазақстандық кәсіпорындар жыл соңына дейін өкпені жасанды желдететін 4 930 стационарлық және 2 695 мобильдік аппарат шығара алады», - дейді вице-министрі.