Бүгінде Маңғыстауда медицина қызметкерлерінің жұмыс көлемі екі есеге артқан. Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресуде. Алайда, сырқаттанушылардың көбейуіне байланысты өңірде мамандарының жетіспеушілігі байқалды. Реаниматологтар, инфекционисттер, терапевтер және жалпы практика дәрігерлері тапшы.
Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың тікелей араласуымен аталған мамандарды облысқа алдыру бойынша жұмыстар басталып кетті. Бүгін таңда ресейлік 9 дәрігер мінген ұшақ Ақтау әуежайына қонды. Барлығы да білікті медицина қызметкерлері.
1.Дворницына Карина Константиновна, инфекционист дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.
2.Оганисян Артур Александрович, денсаулы сақтау саласын ұйымдастыршы дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.
3.Шенгиреев Игорь Константинович, невролог, антикоагулянттар және т.б. дәрі-дәрмек мөлшерін анықтаумен айналысушы маман.
4.Захарова Дарья Константиновна, педиатр, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.
5.Ямалтдинов Азат Афканович, пульмонолог, рентгенолог, фтизиатр дәрігер.
6.Кочергина Валентина Владимировна, реаниматолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.
7.Федоренко Инна Николаевна, терапевт, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар дәрігер.
8.Захаров Лев Владимирович, ковид жұқтырған науқастарды босандырып алуда тәжірибесі бар акушер.
9.Суковатицина Ольга Станиславовна, фельдшер, ковид жұқтырған науқастарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер.
Мәскеуден келген медицина қызметкерлері ауруханаларға бөлініп, жұмыстарына кірісіп кетті.
Айта кетейік, аталған дәрігерлер облыс әкімдігі ұсынған чартерлік рейспен ұшып келді. Бұл іске "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы демеушілік жасады.
Жазира Қуанышханқызы