Маңғыстау облысы мұғалімдерге 1 миллиард теңге қарыз
Маңғыстау облысы мұғалімдерге 1 миллиард теңге қарыз
203
оқылды

Маңғыстау облысындағы мұғалімдер кезекті еңбек демалысына берілетін ақшаны ала алмай отыр.

Бұл қарыздың сомасы 1 млрд теңгеге жеткен. Бұл жөнінде Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы хабарлады.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы А.Сейдалиев 25 шілде күні Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы Т.Байымбетовпен келіссөз кезінде облыстағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 1 млрд теңгесі 15 тамызға дейін толығымен төленеді деп сендірді.   

Жұмыс берушілер есте ұстайтын жайт – Еңбек кодексінің 113 бабының 3-пунктіне сәйкес, еңбекақы уақытында және толық төленбеген кезде жұмыс беруші жұмысшыға төлемді кешіктерген күндері үшін өсімпұл төлеуге міндетті.