Арыстан асырап, айыппұл арқалады
Арыстан асырап, айыппұл арқалады
фото: ашық дереккөз
267
оқылды
Симба есімді арыстан бұрынғы қожайынынан тәркіленді, ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды инАктау. Іс Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігі (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша қаралды. Тергеу барысында арыстанды 1995 жылғы жігіт асырағаны белгілі болды. Алайда оған тиісті рұқсат құжаттары болмаған. Соттың 10 шілдедегі қаулысына сәйкес, Арыстанның иесі кінәлі деп танылып, жануарды тәркілеумен қатар 10 АЕК - 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды. Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тараған еді. Оқиға 25 маусымда болған. "Эко Маңғыстау" мемлекеттік емес ұйымының директоры Кирилл Осин арыстанды Шымкент пен Алматыда хайуанаттар бағы алуға дайын екенін хабарлады.