Оқушылар электронды оқулықтармен қамтылады
Оқушылар электронды оқулықтармен қамтылады
фото: ашық дереккөз
228
оқылды
Қазақстанда электронды оқулықтар дайындалып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Біз баспамен келісіп қойдық. Оқулықтардың электронды нұсқасы қолжетімді болуы керек. Біз де, баспа да қазіргі уақытта жүргізіп жатқан ең маңызды жұмыстардың бірі осы», - деді Асхат Аймағамбетов онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде. Еске сала кетсек бұған дейін Асхат Аймағамбетов  жаңа оқу жылына  осы үш бағыт бойынша дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатқандығын айтқан болатын. «Осы үш нұсқа Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлы өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен слайд-материал Білім және ғылым министрлігіне тиесілі емес. Оны мектеп деңгейінде талқылағандардың бірі таратуы мүмкін», - деді министр.