Атырау облысына 55 санитарлық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Атырау облысына қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизингіге 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, облыстық әкімдік осындай 15 көлікті сатып алуды жоспарлап отыр», - деп хабарлады облыс әкіміген. Қазір Атыраудағы емханалар жанынан 61 мобильді бригада жасақталған. Олар коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен ауырып, үйде ем алатындарға көмек көрсетуде. Еске сала кетелік, Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұр.