BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ. Ол басқа кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды. Рахымбаев үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол компания орталықты өз үй-жайларында ашу мүмкіндігін іздегенмен, барлығы тұрғын үй кешені болғандықтан бұл тұрғындар үшін қауіпті екенін айтты. "Назар аударыңыз, Алматы мен Нұр-Сұлтанда 100-200 орындық амбулаторлық-провизорлық COVID-орталығын ашу үшін ғимарат іздеп жүрміз. Тиімді жалдау ақысын төлеуге дайынбыз, барлық ыңғайлы және дайын нұсқаларды, мүмкіндігінше қонақ үйлер, тұрғын үй блоктары немесе санитарлық тораптары бар, кіреберісі ыңғайлы болса және басқаларын қарастырамыз. КВИ-ден емделуге мұқтаж барлық адам үшін тегін орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз. Оттегі концентраттары сатып алынды, келесі аптада келеді. Дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтар табылды және сатып алынады", - деп жазды ол. Сонымен қатар, Айдын Рахымбаев дәрігер-волонтерлерді және дәрігерлерді іздестіріп жатыр. Ақысы сағатына төленеді. Оларды жеке қорғаныс құралдарымен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге уәде берілді.