ФИФА «Жылдың үздік футболшысы» атағына үміткерлердің тізімін жариялады
ФИФА «Жылдың үздік футболшысы» атағына үміткерлердің тізімін жариялады
176
оқылды

Марапаттау салтанаты "Ла Скала" театрында өтпек

ФИФА өзінің ресми сайтында жылдың үздік футболшысына берілетін The Best марапатына үміткерлердің тізімін жариялады.

Әлемдік футбол федерациясының жыл сайынғы салтанатты марапаттауы 23 қыркүйек күні Италияның Милан қаласындағы «Ла Скала» театрында өтпек.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мына футболшылар әлем үздігіне үміткерлер атанды:

  • Криштиану Роналду («Ювентус»)
  • Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»)
  • Фрэнки де Йонг («Аякс»/ «Барселона»)
  • Маттейс де Лигт («Аякс»/ «Ювентус»)
  • Эден Азар («Челси»/ «Реал»)
  • Харри Кейн («Тоттенхэм»)
  • Садио Мане («Ливерпуль»)
  • Килиан Мбаппе (ПСЖ)
  • Лионель Месси («Барселона»)
  • Мұхамед Салах («Ливерпуль»)

Дауыс беруге барлық ұлттық құрамалардың бапкері мен капитандары, журналистер және жанкүйерлер қатысады. ФИФА сайтына кіріп дауыс беруге мүмкіндік бар.

Еске салсақ, 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА мен France Football журналы бірігіп «Алтын доп» сыйлығын табыстап келген еді. Кейін аталған екі ұйым өзара серіктестікті бұзып, сыйлықты әрқайсысы жеке табыстай бастады. Былтыр бұл мәртебелі марапатты «Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич жеңіп алған еді.