ДСМ Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитеті 553 миллион теңгеге көлік сатып алған

ДСМ Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитеті 553 миллион теңгеге көлік сатып алған

Денсаулық сақтау министрлігі Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитетінің өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді. "Мемлекет басшысының ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымды материалдық-техникалық жарақтандыру 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді", - деді комитеттегілер. Ведомство мәліметінше, көлік комитеттің 18 аумақтық департаментінің 224 аудандық басқармасы бар мамандары үшін, яғни елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін сатып алынады. «Соңғы 8-10 жылда санэпидқызметтің автопаркі жаңаланған жоқ. Бүгінде автопарктің 90 пайызы 100 пайызға тозығы жеткен. Коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты COVID-19-бен күрес үшін арнайы автокөлікке жіті қажеттілік туындады», - деп толықтырды комитеттен. Еске салайық, мұның алдында  БАҚ өкілдері комитеттің 553 799 400 теңгеге 140 автокөлік сатып алуға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын.