Алматыда той өткізгендер анықталды
Алматыда той өткізгендер анықталды
фото: ашық дереккөз
175
оқылды
Қала әкімдігінің жанындағы бақылау тобының өкілдері Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында өтіп жатқан той үстінен түсті, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. Енгізілген қосымша шектеулерге қарамастан, "Райский сад" мейрамханасында өткен тойға бақылаушылармен бірге телеарнаның түсірілім тобы да барған. https://youtu.be/8F5aYG30eg0 Видеодан тойға жиналған қонақтар мониторинг тобының қызметкерлерін көргенде бетперде кие бастағанын бастаған. Қонақтар сол мезетте-ақ таратылып, мейрамхана иесіне хаттама толтырылды. Енді оған үлкен сомада айыппұл салынуы мүмкін.