Қымыз қырық түрлі дертке ем
Қымыз қырық түрлі дертке ем
фото: ашық дереккөз
207
оқылды
«Jas Otan» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділері «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын!» акциясын қолға алды. Негізгі мақсат - коронавирус дертіне шалдыққан науқастармен тікелей қарым-қатынас жасап, қауіптің бел ортасында жүрген дәрігерлерді қолдау. Оларға күн сайын қымыз бен саумалды тарту ету. Аталған акция «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың қолдауымен іске асуда. Қазір жергілікті «Жайлау» шаруа қожалығымен келіссөздер жасалған. Бір ай бойы 1 тонна қымыз бен саумал қалалық, облыстық көпбейінді ауруханалар мен Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп тұрады.