Күн ыстықта ағзаға зиян келтірмеу үшін кофені шектеу керек. Бұл туралы дәрігер-терапевт, иммунолог, аллерголог Ирина Ярцева айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости. Дәрігердің айтуынша, көбі сергектік үшін бір шыны кофе ішуді әдетке айналдырған. Алайда көп мөлшерде бұл сусын ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін, бұл әсіресе күн ыстықта өте қауіпті. "Физикалық жүктеме кезінде термен бірге көп сұйықтық шығады, ал ыстықта одан да көп жоғалады. Сондықтан кофені қалыпты мөлшерде ішу керек және одан да көп сұйықтық ішу керек. Егер адамда несеп-тас аурулары болса, сүзудің бұзылуына байланысты бүйрек зақымдануы болған жағдайда, мұндай адамдарға кофе ішу ұсынылмайды", - деп кеңес берді дәрігер-терапевт.