Академик Төрегелді Шарманов коронавирус инфекциясының алдын алу жөнінде кеңес берді. Оның айтуынша, сұйық тағамды көбірек ішу керек. соның ішінде қымыздың орыны ерекше. «Қымыздың құрамында мың сан дәрумен бар. Оның ең басты төрт ерекшелігіне тоқталсақ, біріншіден – қымыз құрамындағы ақуыздың «альбуминдік» сіңімді, нәзік табиғаты, екіншіден – оның құрамында трансмай қышқылы жоқ. Бұл майдың ағзаға зияны өте көп. Үшінші ерекшелігі – қымыз табиғи антибиотик. Төртінші қасиеті – ашыту процесі барысында пайда болатын вирустар мен бактерияларды жоюға қабілетті аскорбин қышқылына (С дәрумені) өте бай», - дейді ол. Академиктің айтуынша қымызды ысытып ішуге болмайды. Егер, олай жасайтын болсақ, қымыздың құрамындағы мен айтып отырған дәруменнің барлығы жойылып кетеді. «Ең дұрысы – қымызды бөлме температурасында ішу. Қымызды тоңазытқышқа қойып, салқындатуға да болмайды. Биенің сүтін сауылған бетте жылыдай ішуге болады», - дейді тағамтанушы.