Білім министрі: Мектеп формасын міндеттемеу – ата-аналардың экономикалық жағдайын ескере отырып қабылданған шешім  
Білім министрі: Мектеп формасын міндеттемеу – ата-аналардың экономикалық жағдайын ескере отырып қабылданған шешім  
фото: ашық дереккөз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасын оқушыларға міндеттемеу туралы шешімнің себебін түсіндірді. Оның айтуынша   бұл шешім ата-аналардың экономикалық жағдайын да ескере отырып қабылданған. «Қазір ата-аналардың біразы экономикалық қиындықты өткеріп жатқанын айтқандықтан, мектеп формасы қалтасына салмақ болып түсетіндіктен, біз дәл осы биылғы оқу жылында осындай шешімді қабылдадық. Уәкілетті орган ретінде биылғы оқу жылында мектеп формасын кию міндеттелмейтінін жария етсек, яғни министр ретінде осы жауапкершілікті өз мойныма алар болсам, онда биылғы оқу жылы – дәстүрлі болса да, қашықтан болса да бұл шешім күшінде болады», - деді Асхат Аймағамбетов. Министрдің айтуына қарағанда егер биылғы оқу жылының басында немесе ортасында мектеп оқушылары дәстүрлі оқу сипатына оралса, мұғалімдер бәрібір де балалардан мектеп формасын киюді міндеттей алмайтынын жеткізді. Бұл шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады деген сөз. Еске сала кетсек Асхат Аймағамбетов Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтінін хабарлаған еді.