Айнұр Тұрсынбаева: 825 тыныс алу аппаратының қаржысын жинадық

Айнұр Тұрсынбаева: 825 тыныс алу аппаратының қаржысын жинадық

Қазіргі еліміз үшін қиын кезеңде белсенділік танытып елге көмек көрсетуге білек сыбана кіріскен азаматтар аз емес.  Мәселен дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы, ақын Айнұр Тұрсынбаева, блогер әрі журналист Дәулет Мұқаев, Жанат Бақыт, Динара Сәтжан қатарлы белсенді азаматтар жұмылған болатын. Осы азаматтар арнайы шот ашып, халықтан жылу жинауда. Бұл істің басы-қасында жүрген айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева  қаржы жинап, Түркиядан өкпені жасанды жолмен желдететін бірнеше аппарат сатып алған.   Ол кеше өзінің Instagram парақшасында «Тағы бір қуанышты жаңалық - елге 125 емес, 225 аппарат жеткізетін болдық. Қорға тағы да ақша түсуде. Тіпті, ақша жетіп жатса, 500 жіберуге мүмкіндік туды. Оған тікелей менің @aidyn_nury_qory,  @dauletten_qory@elmira_eshniyazova қоры тікелей атсалысады. Бұл - біздің жеңіс! Барлық белсенділерге тағы да алғыс», - деп алғысын білдірген болатын. Айнұр Тұрсынбаева бүгін 825 оттегі концентратының қаржысы жиналғанын хабарлады. Түркия мен Қытайдан өкпені жасанды желдету аппараттары мен дәрі-дәрмекті сатып алған белсенділер оларды елге кіргізуде қиындықтар барын айтып Мемлекет басшысынан көмек сұраған еді. Президент шетелден тыныс алу аппараттарын жеткізген қоғам белсенділеріне қолдау білдірді.