Жүзден астам қазақстандық медициналық ұйымдарды қоғамдық бақылау тобына кіруге ниетті екенін айтқан. Дәрігерлердің жұмыс жағдайы, ауруханаға түскен науқастардың жағдайы, елімізге келген гуманитарлық көмектің дұрыс бөлінуі туралы сұрақтар та, сын ескертпе де көп. Қоғамдық бақылау үйлестірушісі, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диастың айтуынша, медициналық ұйымдар, жергілікті әкімдік, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс механизмі жасалып жатыр. Ертең кешке дейін өңірлік үйлестірушілер тізімі жарияланады. Сонымен қатар, қоғам белсенділерін жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету бірінші мәселе. Қоғамдық бақылау тобының жұмысына халық қалаулылары да қатысқысы келеді екен. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да осы топқа қосылғысы келетінін айтты. Бұдан басқа да көптеген қазақстандық қоғамдық бақылау тобында волонтер болғысы келеді. «Мен Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында волонтер болуға дайынмын. Өзім COVID-19-бен ауырдым. Аудитор болып жұмыс істеймін. Қай жерге көмек керек сол жерге қол ұшын соза аламын. Қоғамдық бақылау тобына кіріп, ауруханада көмектескім келеді», - деп жазды қала тұрғыны Айжан Сүлейменова. Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын қоғамдық бақылау құратынын айтқан.