Коронавирусқа шалдыққандарға ауадай қажет тыныс алдыру аппараты Қазақстанда қашан өндіріледі?
Коронавирусқа шалдыққандарға ауадай қажет тыныс алдыру аппараты Қазақстанда қашан өндіріледі?
Фото: Интернеттен алынды
498
оқылды
Бұл аппарат туралы сіз де жиі естіп жүргеніңізге күмәнім жоқ. Осы жерде заңды сауал туындайды. Бұл қайдан шыққан аппарат? Оның коронавирусты емдеуге қандай пайдасы бар, ол Қазақстанда неге жоқ?                                                 Тыныс алу аппараты қалай пайда болды? [caption id="attachment_57203" align="alignnone" width="900"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Жасанды тыныс алу аппаратын 1928 жылы ең алғаш америкалық дәрігер Филип Дринкер ойлап тапты. Ол Луи Агассис Шоумен бірге жұмыс істеп, құрылғыны өндіріске енгізеді. Осылайша олардың Iron lung деп аталатын аппараты медицина саласында кең қолданыла бастады. Аппараттың саңылаусыз камерасы болатын. Емдеу кезінде науқастың басын сыртқа шығарып, денесін сол жерге орналастырды. Камера ішіндегі қысымның өзгеруі науқастың дем алуына көмектесті. Аппарат алғаш рет 1928 жылдың 12 қазанында Бостондағы балалар ауруханасында қолданылды. Оның алғашқы пациенті тыныс алу жолдары зақымданған кішкентай қыз болатын. Кейін аппараттың құрастырылу үлгісі өзгеріп, жаңа түрлері пайда бола бастады. [caption id="attachment_57204" align="alignnone" width="651"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]                         Өздігінен емдемейді, қиын сәтте көмекке келеді Өкпе жұмыс істемегенде адамның демалуына көмектесетін бұл аппарат қазір әлем елдерінде тапшы болып отыр. Себебі түсінікті, вирус жұқтырғандар көп. Мәселен, аурулар саны көбейген Италия мен Испанияда аппарат жетіспей жатыр. Сондықтан дәрігерлер таңдау жасауға мәжбүр: аппаратты тірі қалуға  мүмкіндігі көбірек адамға береді. [caption id="attachment_57205" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Белгілі болғандай, аппарат науқасты өздігінен емдемейді, тек қиын сәтте көмектеседі. Оның екі түрлі тәсілі бар: инвазиялық және инвазиялық емес. Инвазиялық емес жасанды тыныс алу әдісінде науқастың бетіне толықтай жанасып тұратын маска кигізеді. Осы арқылы аппараттың көмегімен өкпеге ауа барады. Бұл жағдайда адамның табиғи тыныс алу жолдарының қызметі сақталады. Инвазиялық әдісте пациентке интубация жасайды. Яғни, мұрын немесе ауыз арқылы  кеңірдек түтікшесіне қойылады. Кейбір кезде хирургиялық ота жасап, кеңірдекті теседі. Тыныс алу аппараты Қазақстанда да қат болып отыр. Вирусқа қарсы дәрілердің көбі шетелден әкелініп жатыр. «Өзімізден де вирусқа қарсы дәрі-дәрмек, тыныс алу аппараттарын шығаруға мүмкіндік бар. Білікті мамандар жетеді. Тек қолдау керек. Тіркеу мәселесіне біраз уақыт кетіп қалады. Осындай күрмеуі қиын мәселелерді шешіп, отандық өндіріске көңіл бөлетін уақыт келді», – дейді «Сұлтан» фармацевтикалық фирмасының директоры Ұлтусын Ергенқызы. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен қоғам белсенділері қайырымды жандардан қаржы жинап, Түркиядан аппарат сатып алып жатқаны көбіне мәлім. Бағасы  арзан емес. Оны сатып алатын қаражат қарапайым халықта қайдан болсын?! Әлеуметтік желідегі жұрт осындай қиын кезде еліне жанашыр болып, атқамінерлерден артық жұмыс істеген  айтыскер ақын мен белсенді жандарға алғысын жаудырып жатыр. Айнұр Тұрсынбаева аппаратты елге жеткізуде қиындықтар кездескенін айтып, Президенттен араша сұраған еді. Мемлекет басшысы қоғам белсенділеріне қолдау көрсетті. Бұл – қуанарлық іс. Өйткені қазір дем жетпей қаншама адам қиналып жатыр, әрбір секунд қымбат.                      Қазақстан тыныс алу аппаратын құрастыруға кірісті

Бұл сынақтан үлкен сабақ алдық. Елімізде алғаш рет өкпені жасанды желдету аппаратын құрастыру ісі қолға алынды. Отандық өндірушілер жыл соңына дейін 3 мың аппарат шығарады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов отандық БАҚ-қа осы жайлы мәлімет берді.

–Қажеттілікті есепке ала отырып, отандық өндірушілер жыл соңына дейін 3 мың өкпені жасанды желдету аппаратын шығарады. Бұл – айына 550 дана. Алғашқы ӨЖЖ аппараты осы айда құрастырылады. Қосымша қажеттілік туындаса, басқа да өндірушілер айына 280, яғни жыл соңына дейін 1900 аппарат жасап шығады», – деді вице министр.  
Белгілі болғандай,  алғашқы аппарат қазір Денсаулық сақтау министрлігіне сынақтан өткізуге берілген. Сынақ сәтті өтіп жатса, кәсіпорындар аппараттарды құрастыруға кіріседі.
     –Шетелдік әріптестер технологиялар мен құрамдас бөлшектерді бізге тапсырады. Ал «Тыныс» акционерлік қоғамы мобилді ӨЖЖ аппараттарын жасауды қолға алды. Компания шілде айының соңына дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 дана мобильді ӨЖЖ аппаратын жеткізеді. Кәсіпорынның айына 500 ӨЖЖ аппаратын шығаруға мүмкіндігі бар. Сондықтан елдегі қажеттілікті біліп, әзір болу үшін барлық өңірге қанша аппарат қажет екенін хабарлауы үшін хат жолдадық. Бұдан бөлек, жедел жәрдем көліктеріне мобильді қондырғылар орнату үшін еліміздің көлік құрастырушыларымен жұмыс жасап жатырмыз, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.
Қалай десек те, ауа жетпей қиналғанда аспандағы айдай көрінген аппаратты шетелден тасып уақыт жоғалтпай, өз елімізден алатын уақытқа тезірек жетейік!