Амандық Баталов ауруханадан шықты
Амандық Баталов ауруханадан шықты
фото: ашық дереккөз
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында айтты. "Бүгін ауруханадан шықтым. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын. Бірінше кезекте жерлестеріме, достарыма, туған-туыстарыма рақмет айтамын. Дәрігерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Көптеген адамның өмірі дәрігерлерге байланысты. Енді сіздермен бірге пандемияны жеңу үшін жұмысқа кірісемін. Барлық күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Құрметпен Амандық Баталов", - деп жазды ол.