Қытайдағы су тасқыны: Өзендер деңгейі қауіпті межеден асып түсті
Қытайдағы су тасқыны: Өзендер деңгейі қауіпті межеден асып түсті
фото: ашық дерекөз
Қытайда алапат су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға әрекет етудің екінші деңгейі жарияландыі.   Бұл туралы ҚХР Су ресурстары министрлігі хабарлайды. Маусым айы басталғалы елдің Орталық, Шығыс және Оңтүстігіндегі көптеген аудандарда нөсер жауын толастамай отыр. Аталған өңірлерде өзендер деңгейі қауіпті межеден асып түскен. Ал 19 су артериясында тарихи максимумдар тіркелді. «Ал Цзянси (Шығыс Қытай) провинциясының билігі төтенше жағдайға әрекет ету деңгейін екіншіден біріншіге көтерді. Су тасқыны аумағында 5 миллионға жуық адам бар. Табиғаттың тосын мінезінен 500 мың гектарға жуық егістік алқабына зақым келді. Жергілікті билікке бөгеттерге, су қоймалары мен гидроэлектрстанцияларына бақылауды күшейту жүктелді», - делінген ақпаратта. Еске салайық, Қытайда төтенше оқиғаларға әрекет етудің төрт деңгейлі жүйесі қарастырылған.