Мердігерлер айыппұл төлеуде
Мердігерлер айыппұл төлеуде
120
оқылды

Бүгінде облыс орталығында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстары аясында 5 ірі жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен қазіргі таңда жер қазу жұмыстарына рұқсат беру көрсетілмеуіне байланысты коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз қазба жұмыстарын жүргізуде, заңды және жеке тұлғалар инженерлік-коммуникациялық желілеріне қосылуда.

Осыған орай, Абай даңғылы мен Суханбаев көшесінің қиы­лы­сындағы асфальт жабынын қаз­ғаны үшін М2 жылу магис­тра­лін ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Кор­порация Жил­строй-Тараз» ЖШС-не «Жол жүрісі қауіп­сіз­дігі туралы за­ңы­ның» 130-ба­бының 1-тармағына сәйкес, 21 000 теңге айыппұл са­лынды. Сондай-ақ Төле би даң­ғылы мен Сыпатай батыр кө­шесінің қиы­лысындағы асфальт жабынын қазғаны үшін «Даму» ЖШС-не «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы заңының» 130-бабының 1-тар­ма­ғына сәй­кес, 50 500 тең­ге айып­пұл са­лын­ды. Ал қала ­әкім­дігінің маман­да­ры мұндай ­ша­ралар әлі де жүр­гізілетінін айтады.

Тараз қаласы