«Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...» – Димаш Құдайберген
«Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...» – Димаш Құдайберген
Фото: Интернеттен алынды
208
оқылды
«Өкінішке қарай, күллі әлемді шарпыған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Қаншама отбасы қара жамылды. Күн сайын мен танитын, танымайтын қаншама адам өмірден өтіп жатыр. Бұл неткен қасірет еді... Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...», – деп жазды әнші. Әнші Димаштың жазуынша, қазіргі мақсат – науқастарды аман алып қалу.
«Бүгін – Аза тұту күні! Осы індеттің кесірінен қайтыс болған барлық адамды Жаратушы иеміз панасына алғай! Марқұмдардың туған-туыстарына сабыр тілеймін. Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз. Қазіргі міндет – ауырып жатқандарды аман алып қалу. Әрбір адам үшін күресуіміз керек. Бәріміз осы ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет. Тезірек індет аяқталып, мамыражай күндеріміз қайта келеді деп сенемін. Ендігі жерде Көк Байрағымыз еңкеймегей!» – деп жазды ол.
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел қайтыс болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алады.