«СҚ-Фармацияда» жаңа басшы. Ерхат Есқалиев деген кім?

«СҚ-Фармацияда» жаңа басшы. Ерхат Есқалиев деген кім?

Қазақстандағы дәрі жеткізумен айналысатын жалғыз дистрибьютор – «СҚ-Фармацияның» жаңа басшысы жайында не білеміз? Ерхат Серікұлы қандай тілдерді меңгергені жайында, Асқар Маминның кеңесшісі болғаны жайында, бұған дейін берген сұхбаттарында не айтқаны турасында төмендегі материалдан оқи аласыздар. «СҚ-Фармацияның» жаңа басшысы 1976 жылы Алматы қаласында туған. «Братьев Карич» университетінің Банк ісі және сауда академиясын, «Әділет» жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген. 1999 жылдан 2003 жыл аралығында Атырау облысы әкімдігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қаржы министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді. Ашық дереккөздерде Ерхат Есқалиевтың қазақ, орыс, ағылшын, серб тілдерін меңгергені турасында ақпарат бар.   [caption id="attachment_57263" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Ерхат Есқалиевтың өмірбаянында 2010-2011 жылдар аралығында «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президент кеңесшісі болған. Сол тұста аталған компанияны қазіргі Премьер-Министрі Асқар Мамин басқарғаны белгілі. Кеңесшіліктен кейін бірден Ерхат Серікұлы 2011 жылдан 2013 жыл аралығында — «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды.

Ауыл шаруашылығы жайында...

 «Кез-келген кәсіпорынның құрылымында екі компонентті ажыратуға болады: өндіріс процесінің өзі және дайын өнімді сату. Ең бастысы – сатуды үйрену. Егер сатып алушы болмаса еңбегің далаға кетеді. Егер сіз қалай сатуды білсеңіз, тіпті кішкене жер учаскесінде де тиімді жұмыс жасай аласыз... ...Логистика сағат тәрізді жұмыс істеуі керек. Әсіресе, бүлінуге бейім тағамдарды тасымалдау барысында. Бір ғана бүлінген заттан бір партияны жоғалтып алуға болады. Негізінде, ауылшаруашылық кәсіпорындар үшін сәтсіздіктер мен тасымалдау проблемасын шешу маңызды. Бірақ қазір бізде оны іс жүзінде ешкім істемейді. Фермерлердің жиі кездесетін шағымдарының бірі – сұраныстың ақталмауы. Алайда, өндірушілердің өздері кінәлі. Бәрі кенеттен біреу келіп, жоғары бағаға тауар сатып алады деп үміттіп отырады».

forbes.kz. 2016 жылы шыққан сұхбатынан

Біз үшін теміржол, теңізбен пара пар...

«Бұрынғы кеңес өкіметі елдерінің ішінде Қазақстанда авто, теміржол саласына айтарлықтай көңіл бөлінді. Біздің елде теңізге шығатын жол жоқ. Орталық Азияда тоғыз жолдың торабы болу үшін теміржол логистикасын дамытуға басымдық беріп отырмыз. Теміржол, біз үшін теңізбен пара пар. Шетелдік инвесторлар ең алдымен біздегі логистика жайына мән береді...»

Atameken Business News. 2017 жылы шыққан сұхбатынан

  «Туристер әр кезде де белгілі бір қалыптасқан стандарттарды талап етеді. Оның ішінде транспорт саласындағы өзара байланыс болуы тиіс. Ұшақпен келіп, ары қарай баратын бағытында еш қиындық болмауы тиіс. Біздің бәсекелестеріміздің бұл бағытта тәжірбиесі бар. Kazakh Tourism бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл бастамалардың барлығы қағаз жүзінде қалып қоймауы керек..»

YouTube, 2020 жыл

Instagram-дағы парақшасын өшіріп тастады

Facebook қолданушысы Yerlan Sakenov «СҚ-Фармацияның» жаңа басшысының фотосын жүктеп, бұған дейін белсенді қолданып келген Instagram желісін өшіріп үлгергенін айтты. Бұл постқа 100-ден астам адам пікір қалдырған. [caption id="attachment_57264" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Ал Facebook желісіне Ерхат Есқалиев соңғы рет былтыр қараша айында жазба қалдырған екен.   [caption id="attachment_57265" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]

Еркежан ЖҰМАТАЙ