Зообақтар неге керек?
Зообақтар неге керек?
815
оқылды

Табиғатқа бір табан жақындап, баласына жабайы аңдарды таныстырғысы келген қала халқының баратын жері – зообақ. Жануарлардың сан түрін қызықтап, белсенді демалыс өткізуге қолайлы жердің айналасында туатын дау да, талас та көп. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жануарлар құқығын қорғаушы ұйымдар тордағы аңдардың тіршілігіне алаңдап, зообақтарды жабу туралы бастаманы жиі көтереді.

Жағдайы нашарлаған немесе зообақ ішінде өлген жануар ту­ралы ақпарат шықса, қоғамдық тал­қылаудың бір шеті «зоо­бақ­тар­дың не қажеті бар?» деген ескі та­қырыпты қайта қаузайды. Жа­қын­да Алматыдағы зообақта бір ай­дың ішінде алты жануардың өл­гені анықталып, құқық қор­ғау­шылар бұған мекеме әкімшілігін айып­тады. Мәселені зерттеуге құ­рыл­ған қоғамдық комиссия «жа­нуарлар қасақана өлтіріл­ме­ген» деген қорытынды шығар­ға­нымен, зообақтың ветеринарлық бөлімінің жұмысынан көп кем­ші­лік тапты. Комиссия қорытын­ды­сын­да зообаққа жеке тұлғалардың қо­лынан түсетін жануарлардың кө­бі аурушаң болатыны, ал вете­ринарлық бөлім оларды алғашқы тексерістен өткізбейтіні, аурудың алғашқы симптомдарымен дұрыс жұмыс істемейтіні, заманауи тә­жі­рибелік тәсілдер қолданбай­ты­ны аталған. Нәтижесінде, Алматы зообағы директорының орынба­сары Айбол Күдерин мен вете­ри­нар­лық бөлім басшысы Азамат Дүй­сенов жұмыстан босатылды. Оқи­ғаға қоғамдық комиссия ара­ласпас бұрын, зообақта жиілеген жануарлар өлімі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылы­ғын туғызып, Бота Мұхит есімді бой­жеткен Алматы зообағының ал­дында бір адамдық пикет өт­кіз­ген еді. Қолына «Зообақты жабу­ды талап етемін! Жануарлар өмір сүруі керек!» деген сөздер жазыл­ған плакат ұстап, болған жағдайға азаматтық қарсылығын білдірген Бота Мұхит акцияға шығу себебін бір айда бірнеше жануардың өлуі­мен байланыстырған.

Зообақ жұмысына қарсы бел­сен­ділер көбіне тордағы жануар­лар­дың жағдайы табиғи ортадағы өмірге мүлде ұқсамайтынын, бұл көбіне олардың өліміне әкеп соға­тынын алға тартады. Ғалымдар­дың дерегіне сәйкес, жолбарыстар мен арыстандар зообақта жабайы табиғатта жүретін аумағынан 18 мың есе аз жерде тұруға мәжбүр. Ұлы­британия үкіметі қаржы­лан­дырған зерттеу нәтижесінде зообақ­тағы пілдердің 75 пайызы ар­тық салмаққа ие болғандықтан, ер­кін қозғала алмайтыны анық­тал­ған. Зерттеу қорытындысына сәй­кес, африкалық пілдер жабайы та­биғатта үш есе артық өмір сү­реді. Сондай-ақ арыстан бала­лары­ның 30 пайызы жабайы та­би­ғатта жыртқыштарға жем болса, зообақта басқа аңдардан оқшау торда тұрған аңдардың 40 пайызы қауіпсіз ортаның өзінде мерт болады екен. Ұзақ уақыт шек­тел­ген кеңістіктегі өмірге бейімделген жануарлардың мінез-құлқында да үлкен өзгерістер байқалатын көрінеді. Мәселен, Ұлыбрита­ния­да­ғы пілдердің 48 пайызында «стереотипия» – бір әрекетті үздік­сіз қайталай беру әрекеті тір­келген.

Зообақ қызметін қолдаушы­лар­дың бірқатары жабайы та­биғатта жойылу қаупі төнген жануар­ларды осындай мекемеде сақ­тап қалуға болады деп сенеді. Шын мәнінде, қазір табиғи ортада кездеспейтін Пржевальский жыл­қысы мен Давид бұғысын тек қана зообақтардан көруге болады. Он­да арнаулы мамандар аталған жануар түрін көбейтуге күш са­лады.

Алматыдағы зообақтың айна­ласында туған дау қаладағы хайуа­наттар бағын жабу туралы талапқа ұласты. Белсенділер Батырхан Тоғайбаев пен Мария Жилякова онлайн петиция жариялап, Ал­ма­ты тұрғындарын зообақты жабу идея­сын қолдауға шақырды. Біз Батырхан Тоғайбаевпен байла­ны­сып, оның Алма­тыдағы хайуа­нат­тар бағының жұ­мысына неге көңілі толмай­ты­нын білдік.

– Алматы зообағының жұмы­сын­да жануарлардың өмір сапасы, ветеринарлық-санитарлық нор­малар, қауіпсіздік техникасы мен қыз­меткерлердің кәсіби біліктілігі сияқ­ты мәселелерде көңілім тол­майтын тұстар көп. Барлық та­лап­қа сай жұмыс істейтін заманауи зообақтарда жануарларға уақы­тылы, белгіленген мөлшерде ең пайдалы ас беріліп, олардың күті­мі­не ерекше назар аударылуы ке­рек. Олардың денсаулығын қа­таң бақылауға алып, дер кезінде екпе жасап тұрса, жануарлардың жаппай өлімі болмайды, – дейді ол.

Онлайн петиция мәтінінде бел­сенділер зообақ әкімшілігінен жағдайды түзету туралы уәде күт­пейтінін, мекемені талқылаусыз жабу керегін жазған. Батырхан Тоғайбаев келісімге келуге ты­рыспауының себебін былай түсін­дірді.

– Алматы зообағында бас­шы­лар жиі ауысады. Соңғы тағайын­дал­ған Банщиков мырзаның келуімен, мекеме жұмысы қо­ғам­мен ашық жұмыс істей баст­а­ғаны­мен келісемін. Бірақ ол да қызме­тін­де мәңгі қалмайтыны белгілі. Тағы да басшы ауысады, дағдарыс болады, жануарлар қайта өле бас­тайды. Мәселен, жолбарыс тәу­лігі­не 8-10 келі ет жеу керек. Біз одан «Саған тиісті ас белгіленген мөлшерде беріле ме?» деп сұрай ал­маймыз. Сондықтан «түбінде за­манауи зообақ аталымына лайық қызмет көрсетіле бастайды» деген үмітпен жануарлардың жаңа өлімін күтудің қажеті жоқ деп есептеймін.

Зообақ қызметін қолдаушы­лар­дың бірқатары жабайы та­биғатта жойылу қаупі төнген жануар­ларды осындай мекемеде сақ­тап қалуға болады деп сенеді. Шын мәнінде, қазір табиғи ортада кездеспейтін Пржевальский жыл­қысы мен Давид бұғысын тек қана зообақтардан көруге болады. Он­да арнаулы мамандар аталған жануар түрін көбейтуге күш са­лады. Батырхан Тоғайбаевтың пікі­рінше, зообақ – жануарларға зерттеу жүргізуге арналған жал-ғыз орын емес.

– Зообақты қолдаушылардың кө­бі хайуанаттар бағының ғы­лыми мақсатта жұмыс істейтін ме­кеме екенін айтады. Бірақ қазір жануарларды олардың табиғи ор­тасынан ажыратпай-ақ зерттеуге бо­лады. Заманауи зообақтарда жануар­лар торда отырмауы керек. Олар тұратын жер барынша таби­ғи ортаға ұқсас болғаны жөн. Та­би­ғатта бірін-бірі жемейтін жануар­­лар үшін арасы бөлінбеген тер­ритория жасап, адамдарға олар­­ды арнаулы терезелер мен бун­керлер арқылы бақылауға мүм­кіндік жасауға болады. Бұл жануар­ларды да артық стресстен арыл­тады. Лондон хайуанаттар бағында болғанымда қонақтарға экскурсия жасайтын гидпен кез­дестім. Ол өзі жұмыс істейтін зообақ­тың ғылыми мақсатын жануар­ларды торда ұстау емес, олар­дың осы жерде ұрпақ көбей­туіне жағдай жасау деп түсіндірді. Жері кішкентай Сингапурда зообақ­қа үлкен территория бөлін­ген. Онда жануарларға мүлде бас­қаша қарайтынын түсіну үшін, біз­дің зообаққа бір рет барып, ин­тер­неттен Сингапур хайуанат­тар бағының видеосын көру ке­рек.

Қоғамдық бастамалардың бәрі бір­дей билік тарапынан қолдау таба бермейді. Біз Алматы зооба­ғын жабу туралы петиция авторы­нан өз белсенділігінен қандай нәтиже күтетінін сұрадық.

– Қазір петицияға 924 адам қол қойды. Кемі бес мың қол жи­нал­ғанын қалаймыз. Петиция тура­лы ақпаратты таныстарымыз бен достарымызға таратып, үлкен қолдауға ие болдық. Онлайн пети­ция­ның заңды күші жоқ екенін біле­міз. Одан бөлек, Алматы зооба­ғын жабу мүмкін емесін, он­дағы көп ақша мен үлкен тер­риторияны қорғаушылар табы­латынын да түсінеміз. Бізді қол­дайтын 50 мың адам болса, мүмкін жағдай басқаша болар ма еді? Өз бастамамыз арқылы бұл мәселеге көпшілік назарын аударғымыз келеді. Халық ойланып, зообаққа баруды, тордағы жануарларды та­машалауға ақша төлеуді доғарса дейміз. Қоғамдық сана өзгеріп, ба­ласын «жануарлар торда отыр­мауы керек» деп тәрбиелейтін ата-ана көбейер деп үміттенеміз.