Тоқаевтың дәрігерлерді марапаттау туралы Жарлығы шықты
Тоқаевтың дәрігерлерді марапаттау туралы Жарлығы шықты
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Исаев Олег Николаевич (марқұм) Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі
Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті                                                                               Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде № 370