Тоқаевтың дәрігерлерді марапаттау туралы Жарлығы шықты

Тоқаевтың дәрігерлерді марапаттау туралы Жарлығы шықты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Исаев Олег Николаевич (марқұм) – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі
Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) – «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті                                                                               Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде № 370