Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған азаматтарды құрметпен еске алды
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған азаматтарды құрметпен еске алды
Фото: "Ақорданың" баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді, - деп хабарлайды akorda.kz. Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Сонымен қатар рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.   https://www.youtube.com/watch?v=iOcF5b6BbS8   Айта кетейік, коронавирус құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық өңірінде өтті. Тағзым ету шарасы республикалық арналардан тікелей эфир арқылы көрсетілді. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.