Трамп алғаш рет медициналық маска киді
Трамп алғаш рет медициналық маска киді
Фото: Интернеттен алынды
131
оқылды
      АҚШ президенті Дональд Трамп пандемия басталғалы бері алғаш рет  маска киді. Сенбі күні елде өкінішке қарай, індет жұқтырғандар санынан тағы да рекордтық көрсеткіш  орын алды: 66 мың адам. Президент сенбі күні Уолтер Рид атындағы әскери ауруханаға барып, пациенттерге қарап жатқан әскери мен медицина қызметкерлерімен кездескен еді. Трамптың көмекшілері оған жұрттың алдына барғанда маска киюді бірнеше рет өтінген. Алайда президент митинг, баспасөз конференциялары және басқа да қоғамдық іс-шараларға маска киіп барудан бас тартқан. Ақпарат көздерінің мәліметінше, президент маскамен әлсіз көрінемін деп есептеген.