Талап-тілек ескерілді
Талап-тілек ескерілді
299
оқылды

Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Шу аудандық филиалының қызметкерлері №5, 19 өрт сөндіру бөлімінде жиын өткізді.

Кеңеске қатысушылар соңғы жылда­ры елімізде әлеуметтік шиеленістің кө­беюі­не себепкер діни экстремистік әр­е­кеттерге азаматтарды еліктіру жағдайы жиілеп кеткенін талқылады. Партия­ның Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найман Сұлтанбаев қазір көптеген ата-ана балаларының мешітке барғанын мақтан еткенімен, олардың қай бағытта жүргеніне назар аудара бермейтінін айтты.

– Иә, теріс ағымда жүрген жастармен етене жұмыс жүргізуі керек. Жастар – ел тірегі. Шыбықты бүгін түземесек, ертең қи­­сық болып өсетіні тағы бар. Оларға дұ­рыс бағыт, жөн сілтеу басты міндетіміз, – деді Найман Сұлтанбаев.

Ал Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Тимур Кариев жиналысқа қатысушы жеке құрамға соңғы жылдары республикада әлеуметтік шиеленістің өсуіне себепкер болатын діни экстре­мис­тік әрекеттердің көбеюі туралы айтып өтті. Бұдан соң Шу ауданы бойынша ақпарат түсіндіру тобының өкілі Бақыт Нұрлыханов Қазақстанда терроризм және экстремизм проблемалары туралы, әсіресе, халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және олардың қандай қауіп тудыратынын тілге тиек етті. Аудан­дық орталық мешіт имамының орын­басары Нұрлан Қалиев азаматтарды жат ағымға үндеу жиілеп кеткеніне алаңдау­шылық білдірді. Келеңсіздікке жол бермеу үшін Шу ауданы Төтенше жағдай бө­лімінің қызметкерлері де халық арасында насихат жұмыстарын түсінді­руге белсене атсалыспақ. Жалпы, мұндай жиын алдағы уақытта барлық мекемелерде өтеді. Жастармен жүздесуде олардың ой-пікірі, ұсыныс, талап-тілегі ескеріледі.

Жамбыл облысы