Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
© сурет интернеттен алынды
106
оқылды
Синоптиктер 14-16 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлады "Қазгидромет"  РМК. Болжам бойынша алдағы күндері күн ыстық болады.
"Қазақстанның барлық дерлік аймағында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Бұл Иран мен Ирак аймақтарынан ыстық ауаның түсуімен байланысты. Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал", - делінген хабарламада.