Коронавирус: Үш бокс жаттықтырушысы қайтыс болды
Коронавирус: Үш бокс жаттықтырушысы қайтыс болды
126
оқылды
Маңғыстау облысында коронавирустан белгілі үш бокс жаттықтырушысы қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік бокс федерациясы Facebook-тегі  парақшасында хабарлады.
"Дарынды әрі мықты жаттықтырушылар - жоғары ұлттық санаттағы төреші, бокстан КСРО спорт шеберіне үміткер Берік Ермағанбетов, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзен бокс мектебінің аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміров өмірден озды. Олар бокстың дамуына үлкен үлес қосты. Ақылбек Теміров бокстан 30 жылдан аса уақыт жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ақылбек Теміровтың тәрбиеленушілері - Қазақстан чемпиондары. Маңғыстау облысының бокс федерациясы бапкерлердің туған-туыстары мен жақындарына, шәкірттеріне қайғырып көңіл айтады, олар ел есінде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.