ОСК мүшелері коронавирустан қайтыс болғандарды еске алды
ОСК мүшелері коронавирустан қайтыс болғандарды еске алды
© сурет инернеттен алынды
183
оқылды
Орталық сайлау комиссиясының отырысы коронавирустан қайтыс болғандарды бір минут еске алумен басталды.
Бүгін коронавирустан көз жұмған отандастарымызды еске алатын Жалпыұлттық аза тұту күні. Сайлау жүйесі қызметкерлерінің арасында да  қайтыс болғандар бар. Алматы облысы Текелі қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бәкен Жаманқұлов қайтыс болды. Бәкен Түзелбекұлының туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Осыған орай бір минут үнсіздікпен барлық қаза болғандарды еске алуды ұсынамын, - деді ОСК төрағасы Берік Имашев.
Айта кетейік, бүгін Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну кезеңінің қорытындысы қаралып жатыр. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес республика бойынша Сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылған.