Елордадағы «Әмір» әмбебап базары аумағында өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Бүгін сағат 16-14-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Алаш тас жолы 29/2 мекенжайынан шақырту түсті. Оқиға орнына барған кезде «Әмір« әмбебап базарында болжамды аумағы 300 шаршы метр болатын қойма ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.Өрт сөндірушілер сағат 17-08-де жалынның бетін қайтарды. Қазіргі уақытта өртті толықтай сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 32 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.