Қазақстанда карантин тағы екі аптаға ұзартылады
Қазақстанда карантин тағы екі аптаға ұзартылады
Фото: Интернеттен алынды
5,172
оқылды
Қазақстанда карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 
"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет",- деп жазды ол. 
Еске сала кеейік, бұған дейін елімізде 5 шілдеден бастап екі апталық карантин жарияланған болатын.