168 жас жасаған қария 136 жасында әке атанған
168 жас жасаған қария 136 жасында әке атанған
©Сурет интернеттен алынды
290
оқылды
Оның есімі – Ширали Муслимов. Ол – Әзірбайжан елінің азаматы. Туып-өскен жері – Лерик ауданы Барзав ауылы.
Қарияның айтуынша, әкесі – 110 жасында, шешесі 90 жасында өмірден өтті. Өзі 136 жасында үйленген. Ол кезде келіншегі Хатум-ханум 57-де болыпты. Жасының ұлғайғанына қарамастан Ширали Муслимов сол жылы әке атанып, қызды болды. Мұндай жағдайдың болуы – әлемдік тарихта бірінші рет. Сондықтан Ресейде ол туралы «Тау бөктерінен келе жатқан Ширали» деген деректі фильм түсірілді.
Оның ұзақ өмір сүруінің құпиясы – дұрыс тамақтану. Ол тек жеміс-жидек, көкөніс, бал және ірімшікпен тамақтанған. Өмірінің соңғы жылында түрлі шөп-шалаңның шәйін ішкені болмаса, оған дейін тұма мен бұлақтың суын ішіп жүрген. Ғұмыр бойы мал бағып, 150 жылдай шопан болған. Сол кезде отар-отар қойдың артында жүріп, күніне 10-20 шақырым жаяу жүрген.  
Құжат бойынша ол 1805 жылы 26 наурызда дүниеге келіп, 1973 жылы 2 қыркүйекте қаза болды.