Қазақстанда әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы іске қосылды
Қазақстанда әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы іске қосылды
155
оқылды

2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Бес әлеуметтік бас­тамасын жариялаған болатын, оның бірі студент жастардың тұрмысын жақсартуға бағыт­тал­ған. Осы міндеттерге қол жет­кізу үшін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі «Қаржы ор­талығы» АҚ-мен бірлесіп жеке сектордың кеңінен қатысуын көз­дейтін мемлекеттік тапсы­рыс­ты орналастыру тетігін әзірледі.

Осыған орай, біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді өзара тиімді шарттарда студенттік жатақханалар құрылысына ат салысуға шақырамыз.

Бұл процеске ауқымды түрде, яғни әлеуметтік нысан ретінде емес, табысты, тұрақты және перс­пективалық бизнес-жоба ретінде қарауды ұсынамыз. Бұ­ған барлық алғышарттар бар.

Бірінші. Сұраныс ұсыныс тудырады.

Бүгінгі таңда елімізде сту­денттер үшін 90 мыңнан астам орын-жайды енгізу қажет. Оның ішіне еліміздің ірі қалаларынан бастап облыстық маңызы бар қалаларды қамтитын барлық өңір кіреді.

Жақын арада Қазақстанды 2000 жылдардың baby-boom нәтижесі күтілуде (салдарын «бастан кешіретін» болады), сондықтан жақын болашақта елде тұтынушылар нарығының қарқынды өсетіні айқын.

Екінші. Мемлекеттің қаржы­лық қатысуы.

Нысан пайдалануға сәтті енгі­зілгеннен кейін мемлекет та­рапынан 8 жыл бойы мемле­кеттік тапсырысты орналастыру жолымен ақша төлемдері жүр­гі­зілетін болады. Төлемдердің мөл­шері пайдалануға енгізілген және білім алушы нақты орна­ласқан орын-жайлар санына байланысты. Жыл сайын әр орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп ре­конс­трукциялау жасалған жағ­дайда 47 АЕК төленеді.

Үшінші.  Қосымша табыс көздері.

Студент төлейтін ай сайынғы тұру ақысы мемлекет тапсы­ры­сының құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхананың меншік иесі реттейді және ол нақты өңірдегі тұрғын үй нарығының шарттарымен анықталады.

Сонымен бірге, тұрмыстық қызметтерді көрсету үшін ком­мерциялық алаңдар жасаула­рыңызға болады, олардың негізгі тұтынушылары тұрғындарыңыз болмақ.

Жобаға қатысу шарттары

Жобаны іске асыру үшін капитал және жер телімі болу қажет. Жер теліміңіз болмаған жағдайда біз оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы, өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпора­ция­лары­мен бірге жобаны бастамалау не­месе консорциум құру жолы­мен ресурстарды біріктіру арқы­лы алудың бірқатар жолдарын ұсынамыз.

Сонымен қатар егер сіздер ғи­м­араттың меншік иесі болса­ңыз­дар, оны жатақхана етіп ре­конструкция жасауға және оған мемлекеттік тапсырысты орна­ластыруға талаптануға болады.

Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру сәтінен бастап 30 шарт жасалды, соның нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа орынның енгізілуі қамтамасыз етілді.

Жобаға қатысу үшін мыналар қажет:

Бірінші – жобаға қатысу шарт­тарымен толық танысу үшін studdom.kz сайтына кіру немесе 8-8000-802-828 нөмірі арқылы ҚР БҒМ Қаржы орта­лы­ғының колл-орталығына хабарласу.

Екінші – шарт жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру.

Біз жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз!
«Қаржы орталығы» АҚ Студенттік жатақханаларға операторлық ету жөніндегі департаменті